2017 жылдың I тоқсанына

Жарияланды: 03 сәуір, 2017 10:25

 

 

 

        2017 жылдың І тоқсанында аудан әкімі аппаратына барлығы 95 өтініш келіп түсті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 өтінішке азайған  (2016 ж.- 116 арыз).

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

 

 

Барлық 91 жүгінудің 89 – өтініштер, 2 – шағым.

Облыс әкімі аппараты арқылы 3 өтініш келіп түскен. Аудан тұрғындарынан облыс әкімінің атына 2 өтініш түсірген. Қалған 1 өтініш облыс әкімі аппаратына ауданнан тыс аймақтан түскен.

Сонымен қатар, аудан тұрғындары облыс әкімінің сайтына 1 өтініш, аудан әкімінің сайтына 4 өтініш, аудандық прокуратураға 2 өтініш, Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл ұлттық  бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасына 1 өтініш түсірген.

Дегенмен, жоғарғы органдардан түскен 11 арыз-шағымдар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңмен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.

Жалпы алғанда, жүгінулердің ауқымды бөлігінде тұрғын үй  бөлу жайлы, коммуналдық шаруашылық мәселелері, жұмыспен қамтамасыз ету, материалдық  және қаржылай көмек беру, жер телімі бойынша және басқа да мәселелер бойынша.


Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша

 

2017 жылдың І тоқсанында жеке тұлғалардан барлығы 76 өтініштің 1-і  қайталанып түскен.

Жалпы алғанда, өтініштердің ауқымды бөлігі 23-і жер мәселесі болса, оның ішінде қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алынған жер учаскелерін ұзартуды және жерлеріне өзгеріс енгізуді сұраған 7 азаматтың, сонымен бірге, жер учаскелерін мемлекеттік меншігіне қайтарып алуды сұраған 10 азаматтың  өтініштері қанағаттандырылып, 3 өтнішке түсінік берілсе, қалған  3 өтініш зерттелу үстінде.

12 азамат жұмысқа орналасуға көмек сұраған болса, оның ішінде Тереңөзек кентінің тұрғындары Батишова Эльмира, Әлімбетова Жанат пен Құдабаева Гүлмираның тұрақты жұмыс сұраған өтініштері бойынша уақытша қоғамдық жұмыстарға тартылды. Ал, Бесарық ауылының тұрғыны Әлқуатова Сәрсенкүл өз өтінішінде №147 мектепте 0,5 бірлікпен жұмысшы болып жұмыс жасауына байланысты, қосымша тағы 0,5 бірлік сұраған. Осыған орай, Әлқуатова Сәрсенкүлге 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап 0,5 бірлік вахтер қызметі уақытша жүктелген. Қалған 8 азаматқа жұмысқа орналасу бойынша жұмыссыз азаматтар үшін өткізілетін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне қатысуға мүмкіндігі бар екендігі және  жәрмеңкенің өтетіні жайында алдын ала кент орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарға хабарландырулар берілетіні және жергілікті баспасөз бетіне жарияланатындығы туралы түсіндірмелер берілді. 

 

  Материалдық және қаржылай көмек сұрағандар /баласын емдетуге, тұрғын үйлерін жөндетуге, оқу ақыларын төлеуге, т.б./- 9. Тұрғын үйін қалпына келтіруге, тұрғын үйіне шатыр орнатып беру және әлеуметтік көмек сұрағандар бойынша аудан әкімдігі жанынан арнайы комиссия құрылып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп алдағы уақытта бюджеттен тыс көздерден, демеушілік қорлардан және жеке кәсіпкерлерден көмек көрсету жолдары қарастырылатындығы туралы  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 Тұрғын үй бөлу бойынша өтініш білдірген 3 азаматқа  Қазақстан  Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер тиісті кезектілік негізінде пайдалануға берілетіндігі туралы тұрғындарға түсіндірілді.

Тұрғын үйін жекешелендіріп беруді сұраған 4 азаматтың 2-уінің  мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлері жекешелендіріліп берілсе, 1 азаматтың тұрғын үйі аудандық тұрғын үй комиссиясында қаралып жатқандығы түсіндірілді.

         Коммуналдық шаруашылық мәселелері / жарықтандыру, көше жөндеу, аяқ су, ауыз су т.б./ - 4. Оның ішінде кент тұрғыны Бакеева Ұлмекен тұрғын үйіне ауыз су кіргізіп беруді сұраған өтініші қанағаттандырылды. Қалған өтініштер бақылауға алынды.

         Мәдениет саласы мәселелері /ескерткіш тақта, көше атауын беру/ - 10 азаматтың көше есімдерін сұраған өтініштері Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсынылды.

Кәсіпкерлік саласы бойынша түскен 3 өтініш иесіне кәсіптерін дамытуға байланысты арнайы бағдарламалар негізінде түсініктер берілді.

Ауыл шаруашылығы мәселелері /субсидия алу, т.б./- 2, мемлекеттік қызмет тәртібі бойынша 2, басқа да мәселелер жөнінде – 2.

 

Барлық келіп түскен өтініштер бақылауға алынып, заңмен көзделген мерзімінде жауаптары берілді.

Өтініштердің 24-і оң шешімін тапса, 49 өтінішке заңға сәйкес түсініктер берілді. 3 өтініш орындалу үстінде. 

Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

2017 жылдың І тоқсанында заңды тұлғалардан барлығы 19 өтініш келіп түскен.

 

Түскен арыздың ауқымды бөлігі 15-і жер мәселесі болса, оның ішінде жер құқығын табыстауға келісім беруді сұраған 6 азаматтың, сонымен бірге, жер учаскелерін мемлекеттік меншігіне қайтарып алуды сұраған 6 азаматтың  өтініштері қанағаттандырылып, қалған  3 өтініш зерттелу үстінде.

         Ғимарат салуға рұқсат сұраған 1 азаматқа және басқа да мәселелер жөнінде – 3 азаматқа түсінік берілді.

Өтініштердің 12-і оң шешімін тапса, 4 өтінішке заңға сәйкес түсініктер берілді. 3 өтініш орындалу үстінде. 


Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау туралы

 

Аудан басшылығының  азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындардың назарына жеткізу үшін аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жарияланып, аудан әкімінің ресми интернет-ресурсына орналастырылды.

2017 жылдың І тоқсанында барлығы 33 жеке және заңды  тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның 14-і аудан әкімінің қабылдауында, 25 адам міндеттер  бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің  орынбасарларының және аудан әкімі аппаратының басшысының қабылдауында болып, өтініштері қаралды.

Қабылдау кезінде негізінен азаматтар жұмысқа орналасу жөнінде, тұрғын үй бөлу жөнінде, әлеуметтік, жер бөлу, кәсіпкерлік, коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерген.

Қабылдау барысында 33  азаматқа  түсініктеме  беріліп, 6 азаматтың өтініште көтерген мәселелері  оң  шешімін тапты.   

 

Барлық азаматтарға мерзімінде жауаптар берілді.

 

 

Категория: Келіп түскен өтініштер туралы мәлімет
Көргендер: 715

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты