2017 жылдың II тоқсанына

Жарияланды: 05 шілде, 2017 10:04

 

 2017 жылдың 6 айы бойынша аудан әкімі аппаратына барлығы 199 өтініш келіп түсті. 2016 жылы есепті кезеңде 277 өтініш түсіп,  өтініштер саны 78-ке  азайған.

   Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

Барлық 199 жүгінудің 134 – өтініштер, 8 – шағым, 1 – иесі бүркемеленген, 56 – ауызша түскен өтініштер.

Есепті кезеңде облыс әкімі аппараты арқылы 6 өтініш келіп түссе, оның ішінде 4 өтініш аудан тұрғындарынан облыс әкімінің атына  түсірген. Қалған 2 өтініш облыс әкімі аппаратына ауданнан тыс аймақтан түскен.

Сонымен қатар, аудан тұрғындары облыс әкімінің сайтына 1 өтініш, аудан әкімінің сайтына 6 өтініш, облыс прокурорына 3 азамат өтініш білдірсе, аудандық прокуратураға 6 өтініш, Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл ұлттық  бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасына 1 өтініш түсірген.

Дегенмен, жоғарғы органдардан түскен 16 арыз-шағымдар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңмен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.

 Жалпы алғанда, жүгінулердің ауқымды бөлігінде тұрғын үй  бөлу жайлы, коммуналдық шаруашылық мәселелері, жұмыспен қамтамасыз ету, материалдық  және қаржылай көмек беру, жер телімі бойынша және басқа да мәселелер бойынша.

Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша

2017 жылдың ІІ тоқсанында жеке тұлғалардан барлығы 104 өтініштің 5-і  қайталанып түскен.

Жалпы алғанда, өтініштердің ауқымды бөлігі 29-і жер мәселесі болса, оның ішінде қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алынған жер учаскелерін ұзартуды және жерлеріне өзгеріс енгізуді сұраған 10 азаматтың, сонымен бірге, жер учаскелерін мемлекеттік меншігіне қайтарып алуды сұраған 12 азаматтың  өтініштері қанағаттандырылып, 5 өтнішке түсінік берілсе, қалған  2 өтініш зерттелу үстінде.

Жұмысқа орналасуға көмек сұраған 8 азамат уақытша қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Сонымен қатар, А.Тоқмағанбетов және Бесарық ауылының тұрғындары өз мамандықтары бойынша тұрақты жұмыс сұраған өтініштеріне сәйкес  тұрақты жұмысқа орналасты. Қалған  азаматқа жұмысқа орналасу бойынша жұмыссыз азаматтар үшін өткізілетін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне қатысуға мүмкіндігі бар екендігі және жәрмеңкенің өтетіні жайында алдын ала кент орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарға хабарландырулар берілетіні және жергілікті баспасөз бетіне жарияланатындығы туралы түсіндірмелер берілді. 

 Материалдық және қаржылай көмек сұрағандар /баласын емдетуге, тұрғын үйлерін жөндетуге, оқу ақыларын төлеуге, т.б./- 15. Тұрғын үйін қалпына келтіруге, тұрғын үйіне шатыр орнатып беру және әлеуметтік көмек сұрағандар бойынша аудан әкімдігі жанынан арнайы комиссия құрылып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп алдағы уақытта бюджеттен тыс көздерден, демеушілік қорлардан және жеке кәсіпкерлерден көмек көрсету жолдары қарастырылатындығы туралы  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Тереңөзек кентінің 2 азаматын «Әлеуметтік дүкенге» тіркеп, төмен отбасы ретінде ай сайын 30 пайыздық жеңілдікпен азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй бөлу бойынша өтініш білдірген 4 азаматқа  Қазақстан  Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер тиісті кезектілік негізінде пайдалануға берілетіндігі туралы тұрғындарға түсіндірілді.

Тұрғын үйін жекешелендіріп беруді сұраған 5 азаматтың 2-уінің  мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлері жекешелендіріліп берілсе, 3 азаматтың тұрғын үйі аудандық тұрғын үй комиссиясында қаралатындығы жөнінде түсіндірілді.

Коммуналдық шаруашылық мәселелері / жарықтандыру, көше жөндеу, аяқ су, ауыз су т.б./ - 6. Оның ішінде кент тұрғыны тұрғын үйіне ауыз су кіргізіп беруді сұраған өтініші қаңағаттандырылды. Қалған өтініштер бақылауға алынды.

Мәдениет саласы мәселелері /ескерткіш тақта, көше атауын беру/ - 24 азаматтың көше есімдерін сұраған өтініштерінің 8-і қанағаттандырылып, 8 өтініш Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсынылды, қалған 8 өтінішке зерттелу жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпкерлік саласы бойынша түскен 1өтініш иесіне кәсіптерін дамытуға байланысты арнайы бағдарламалар негізінде түсініктер берілді.

Ауыл шаруашылығы мәселелері  /субсидия алу, т.б./- 1, денсаулық – 1, білім саласы 3, қызметтік тәртіп бойынша 5, басқа да мәселелер жөнінде – 2.

 Барлық келіп түскен өтініштер бақылауға алынып, заңмен көзделген мерзімінде жауаптары берілді.

Өтініштердің 32-і оң шешімін тапса, 70 өтінішке заңға сәйкес түсініктер берілді. 2 өтініш орындалу үстінде.

 

Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

2017 жылдың 6 айында заңды тұлғалардан барлығы 32 өтініш келіп түскен. /4-қосымша/

Түскен арыздың ауқымды бөлігі 25-і жер мәселесі болса, оның ішінде жер құқығын табыстауға келісім беруді сұраған 11 азаматтың, сонымен бірге, жер учаскелерін мемлекеттік меншігіне қайтарып алуды сұраған 13 азаматтың  өтініштері қанағаттандырылып, қалған  1 өтініш зерттелу үстінде.

Ғимарат салуға рұқсат сұраған 1 азаматқа, мемлекеттік қызмет тәртібі бойынша 3 азаматқа, және басқа да мәселелер жөнінде – 3 азаматқа түсінік берілді.  

 

Өтініштердің 24-і оң шешімін тапса, 7 өтінішке заңға сәйкес түсініктер берілді. 1 өтініш орындалу үстінде.

 

 

 

Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау туралы

2017 жылдың жылдың 6 айында барлығы 56 жеке және заңды  тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның 23-і аудан әкімінің қабылдауында, және 33 адам міндеттер  бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің  орынбасарларының және аудан әкімі аппаратының басшысының қабылдауында болып, өтініштері қаралды.

Қабылдау кезінде негізінен азаматтар жұмысқа орналасу жөнінде, тұрғын үй бөлу жөнінде, әлеуметтік, жер бөлу, кәсіпкерлік, коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерген.

Қабылдау барысында 14 азаматтың өтініште көтерген мәселелері  оң  шешімін тапса, 42  азаматқа  заңға сәйкес түсініктеме  берілді.

Барлық азаматтарға мерзімінде жауаптар берілді.

 

Категория: Келіп түскен өтініштер туралы мәлімет
Көргендер: 687

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты