2017 жылдың ІV тоқсанына

Жарияланды: 09 қаңтар, 2018 18:36

2017 жылдың 12 айы бойынша аудан әкімі аппаратына барлығы 415 өтініш келіп түсті. 2016 жылы есепті кезеңде 530 өтініш түсіп,  өтініштер саны 115-ке,  яғни  21,7 %  азайған.

Барлық жүгінудің 266-і өтініштер, 3-і иесі бүркемеленген, 9-ы шағым, 120-і ауызша түскен өтініш және 17-і сауал. 

Аудан әкімі аппаратына 2017 жылдың 12 айында облыс әкімі аппараты мен жоғарғы органдар арқылы 64 өтініш келді.

Оның ішінде, аудан тұрғындары Қазақстан Республикасы Президентінің  Әкімшілігіне 1 өтініш, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына 1 өтініш, облыс әкімінің атына жазбаша 9 өтініш түсірсе, 2 азамат облыс әкімінің және облыс әкімінің орынбасарының жеке қабылдауында болған. Қалған 3 өтініш облыс әкімі аппаратына ауданнан тыс аймақтардан түскен.

Сонымен қатар, аудан тұрғындары облыс әкімінің сайтына 3 өтініш, аудан әкімінің сайтына 14 өтініш, облыстық «Нұр Отан» партиясына 3 өтініш, облыстық прокуратураға 6 өтініш, аудандық прокуратураға 13 өтініш,   Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл ұлттық  бюросының Қызылорда  облысы  бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасына 1 өтініш, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 1 өтініш, ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  комитетіне 1 өтініш, Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасына 2 өтініш, аудандық мәслихатқа 4 өтініш түсірген. 

Жеке және заңды тұлғалардан 2017 жылдың 12 айында барлығы 415 өтініш түскен. Қайталанған 5 өтініш.

Жалпы алғанда, өтініштердің ауқымды бөлігі 128-і жер мәселесі болса, оның ішінде қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алынған жер учаскелерін ұзартуды және жерлеріне өзгеріс енгізуді сұраған 37 азаматтың, сонымен бірге, жер учаскелерін мемлекеттік меншігіне қайтарып алуды сұраған 69 азаматтың  өтініштері қанағаттандырылып, 22 өтнішке түсінік берілген.

100 азамат жұмысқа орналасуға көмек сұраған болса, оның ішінде Тереңөзек кентінің тұрғындары Э.Батишова, Ж.Әлімбетова, П.Туманова, Г.Мұқашева, Ж.Омарова және Г.Құдабаевалар тұрақты жұмыс сұраған өтініштері бойынша уақытша қоғамдық жұмыстарға тартылды. Ал, Бесарық ауылының тұрғыны Әлқуатова Сәрсенкүл өз өтінішінде №147 мектепте 0,5 бірлікпен жұмысшы болып жұмыс жасауына байланысты, қосымша 0,5 бірлік сұраған. Осыған орай, 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап 0,5 бірлік вахтер қызметі уақытша жүктелген. Кент тұрғыны Серікбаева Мөлдір үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап И.Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп-лицейге бастауыш сынып мұғалімі болып тұрақты жұмысқа, Тереңөзек кентінің тұрғыны Ибрашев Айбек «Сырдария аудандық ветеринария бөлімі» КММ «Ветеринариялық станса» ШЖҚ МКК-не күзетші болып жұмысқа, Құдабаева Гүлмира үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап Т.Қозыбаев атындағы №131 орта мектепке еден жуушы болып жұмыстарға орналасқан.

Ал, А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Әуесбаева Оразкүл «Сырдария аудандық тарихи - өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына 2017 жылдың мамыр айынан бастап «Экскурсовод» болып жұмысқа  қабылданса, Тереңөзек кентінің тұрғыны Зұлқарнаев Ернар «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ-не бас маманы болып, Туребаев Талғат үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап О. Әбілпаттаев атындағы №210 орта мектепке маусымдық от жағушы болып, Әлшоразова Арайлым 2017 жылдың  желтоқсан айының 20 бастап аудан әкімі аппаратына әдіскер болып жұмыстарға орналасқан.

Қалған  азаматқа жұмысқа орналасу бойынша жұмыссыз азаматтар үшін өткізілетін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне қатысуға мүмкіндігі бар екендігі және жәрмеңкенің өтетіні жайында алдын ала кент орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарға хабарландырулар берілетіні және жергілікті баспасөз бетіне жарияланатындығы туралы түсіндірмелер берілді. 

Материалдық және қаржылай көмек сұрағандар /баласын емдетуге, тұрғын үйлерін жөндетуге, оқу ақыларын төлеуге, т.б./- 37. Тұрғын үйін қалпына келтіруге, тұрғын үйіне шатыр орнатып беру және әлеуметтік көмек сұрағандар бойынша аудан әкімдігі жанынан арнайы комиссия құрылып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта бюджеттен тыс көздерден, демеушілік қорлардан және жеке кәсіпкерлерден көмек көрсету жолдары қарастырылатындығы туралы  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Тереңөзек кентінің тұрғындары З.Найзабаева мен Б.Назароваларды «Әлеуметтік дүкенге» тіркеп, төмен отбасы ретінде ай сайын азық-түлікке 30 пайыз жеңілдікпен қамтамасыз етілді және қыс маусымында көмір алу үшін бюджеттік емес көздерден  демеушілік жасау арқылы кент тұрғындары Жайсанбаев Бақыт пен Полякова Любаға көмір алып берді. Шаған ауылының тұрғыны Әбенов Мұратбек қызын емдетуге қаржылай көмек сұраған өтінішіне демеушілер есебінен «Шаған Жер» ЖШС-і 250 мың теңге «Шаған Жер» ЖШС-нің жұмысшылары 180 мың теңге және №37 мектеп-лицей ұжымы 150 мың теңге қаржылай көмек көрсеткен. С.Сейфуллин ауылының тұрғыны Байхожаева Салтанатқа «С.Сейфуллин Жер» ЖШС-і мүгедек баласына 100,0 мың теңге қаржылай көмек берілсе, «Серікбол» шаруа қожалығы дәрі-дәрмек және күріш алып берген. 

 Тұрғын үй бөлу бойынша өтініш білдірген 50 азаматқа  Қазақстан  Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер тиісті кезектілік негізінде пайдалануға берілетіндігі туралы тұрғындарға түсіндірілді. Оның ішінде қызметтік тұрғын үй сұраған 4 азаматқа тұрғын үй берілсе, тұрғын үй кезектілігін мүгедектіктен «бюджеттік қызметкер» санатына ауыстыруға 1 азамат және тұрғын үй кезектілігінен шығару туралы 1 азаматтың өтініштері қанағаттандырылды.

 Тұрғын үйін жекешелендіріп беруді сұраған 8 азаматтың 4-уінің  мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлері жекешелендіріліп берілсе, 4 азаматтың тұрғын үйі аудандық тұрғын үй комиссиясында қаралатындығы жөнінде түсіндірілді.

Коммуналдық шаруашылық мәселелері / жарықтандыру, көше жөндеу, аяқ су, ауыз су т.б./ - 11. Оның ішінде кент тұрғыны Бакеева Ұлмекен тұрғын үйіне ауыз су кіргізіп беруді және Тереңөзек кенті, А.Оразбаева көшесі №1, №2,2 №2,3 үйдің тұрғындары А.Оразбаева көшесінің бас жағына асфальт төсеп беруді сұраған өтініштері қанағаттандырылды. Қалған өтініштер бақылауға алынды.

Мәдениет саласы мәселелері /ескерткіш тақта, көше атауын беру/ - 27 азаматтың көше есімдерін сұраған өтініштерінің 8-і қанағаттандырылып, 6  өтініш Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсынылды, қалған 13 өтінішке заңға сәйкес түсінік берілген.

Кәсіпкерлік саласы бойынша түскен 8 өтініш иесіне кәсібін дамытуға байланысты арнайы бағдарламалар негізінде түсініктер берілді.

 Ғимарат салуға рұқсат сұраған 5 азаматқа «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес рұқсат берілді.

Білім саласы бойынша 7 өтініштің 2 өтініші азаматтардың өз өтініштеріне сәйкес қараусыз қалдырылды. 2 өтінішке арнайы жұмысшы тобын құрып нәтижесін өтініш иелеріне жауап берілген. Қалған 2 өтінішке заңға сәйкес мерзімінде жауаптары жолданды.

Ауыл шаруашылығы мәселелері /субсидия алу, т.б./- 5,  денсаулық – 2, спорт – 1, қызметтік тәртіп бойынша-9, басқа да мәселелер жөнінде –17 өтініш.

 Барлық келіп түскен өтініштер бақылауға алынып, заңмен көзделген мерзімінде жауаптары берілді.

Өтініштердің 148-і оң шешімін тапса, 267 өтінішке заңға сәйкес түсініктер берілді. 

 2017 жылдың 12 айында заңды тұлғалардан барлығы 76 өтініш келіп түскен.

Түскен арыздың ауқымды бөлігі 62-і жер мәселесі болса, оның ішінде жер құқығын табыстауға келісім беруді сұраған 23 азаматтың, сонымен бірге, жер учаскелерін мемлекеттік меншігіне қайтарып алуды сұраған 27 азаматтың  өтініштері қанағаттандырылып, қалған 12 өтнішке түсінік берілді.

 Ғимарат салуға рұқсат сұраған 1 азаматқа, мемлекеттік қызмет тәртібі бойынша 3 азаматқа, спорт саласы бойынша 1 - өтініш, әлеуметтік көмек бойынша 1 өтініш, білім саласы бойынша 1 азамат және басқа да мәселелер жөнінде – 5 азаматқа түсінік берілді.

Өтініштердің 51-і оң шешімін тапса, 25 өтінішке заңға сәйкес түсініктер берілді.   

Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау туралы

Аудан басшылығының  азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындардың назарына жеткізу үшін аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жарияланып, аудан әкімінің ресми интернет-ресурсына орналастырылды.

2017 жылдың 12 айында барлығы 120 жеке және заңды  тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның 33-і аудан әкімінің қабылдауында, 84 адам міндеттер  бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының және аудан әкімінің аппарат басшысының қабылдауында болып, өтініштері қаралды.

Қабылдау кезінде негізінен азаматтар жұмысқа орналасу жөнінде, тұрғын үй бөлу жөнінде, әлеуметтік, жер бөлу, кәсіпкерлік, коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерген.

Қабылдау барысында 40 азаматтың өтініште көтерген мәселелері  оң  шешімін тапса, 80  азаматқа  заңға сәйкес түсініктеме  берілді. 

Барлық азаматтарға мерзімінде жауаптар берілді.

Категория: Келіп түскен өтініштер туралы мәлімет
Көргендер: 558

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты