2017 жылдың III тоқсанына

Жарияланды: 04 қазан, 2017 11:38

2017 жылдың ІІІ тоқсанында аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер туралы

 2017 жылдың 9 айы бойынша аудан әкімі аппаратына барлығы 376 өтініш келіп түсті. 2016 жылы есепті кезеңде 414 өтініш түсіп,  өтініштер саны 38-ге  азайған.

Барлық жүгінудің 253-і өтініштер, 1 - иесі бүркемеленген, 8-і шағым және 102-ы ауызша түскен өтініш және 12-і сауал.

Жоғары органдар арқылы облыс әкімі аппаратынан 10 өтініш келіп түскен. Атап айтқанда, аудан тұрғындарынан облыс әкімінің атына жазбаша 6 өтініш түсірген. Облыс әкімінің орынбасарының жеке қабылдауына 1 азамат болған. Қалған 3 өтініш облыс әкімі аппаратына ауданнан тыс аймақтан түскен.

Сонымен қатар, аудан тұрғындары облыс әкімінің сайтына 2 сауал, аудан әкімінің сайтына 10 сауал, облыс прокурорына 4 өтініш және аудан прокурорына 7 өтініш, Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда  облысы  бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасына 1 өтініш түсірген.

 Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша

2017 жылдың 9 айында жеке тұлғалардан жазбаша барлығы 138 өтініш түскен. Қайталанған 5 өтініш.

Жалпы алғанда, өтініштердің ауқымды бөлігі 41-і жер мәселесі болса, оның ішінде қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алынған жер учаскелерін ұзартуды және жерлеріне өзгеріс енгізуді сұраған 12 азаматтың, сонымен бірге, жер учаскелерін мемлекеттік меншігіне қайтарып алуды сұраған 21 азаматтың  өтініштері қанағаттандырылып, 8 өтнішке түсінік берілген.

14 азамат жұмысқа орналасуға көмек сұраған болса, оның ішінде Тереңөзек кентінің тұрғындары Э.Батишова, Ж.Әлімбетова, П.Туманова, Г.Мұқашева, Ж.Омарова және Г.Құдабаевалар тұрақты жұмыс сұраған өтініштері бойынша уақытша қоғамдық жұмыстарға тартылды. Ал, Бесарық ауылының тұрғыны Әлқуатова Сәрсенкүл өз өтінішінде №147 мектепте 0,5 бірлікпен жұмысшы болып жұмыс жасауына байланысты, қосымша тағы 0,5 бірлік сұраған. Осыған орай, 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап 0,5 бірлік вахтер қызметі уақытша жүктелген.

Қалған  азаматқа жұмысқа орналасу бойынша жұмыссыз азаматтар үшін өткізілетін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне қатысуға мүмкіндігі бар екендігі және жәрмеңкенің өтетіні жайында алдын ала кент орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарға хабарландырулар берілетіні және жергілікті баспасөз бетіне жарияланатындығы туралы түсіндірмелер берілді. 

Материалдық және қаржылай көмек сұрағандар /баласын емдетуге, тұрғын үйлерін жөндетуге, оқу ақыларын төлеуге, т.б./- 18. Тұрғын үйін қалпына келтіруге, тұрғын үйіне шатыр орнатып беру және әлеуметтік көмек сұрағандар бойынша аудан әкімдігі жанынан арнайы комиссия құрылып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта бюджеттен тыс көздерден, демеушілік қорлардан және жеке кәсіпкерлерден көмек көрсету жолдары қарастырылатындығы туралы  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Тереңөзек кентінің тұрғындары З.Найзабаева мен Б.Назароваларды «Әлеуметтік дүкенге» тіркеп, төмен отбасы ретінде ай сайын 30 пайыздық жеңілдікпен азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

 Тұрғын үй бөлу бойынша өтініш білдірген 6 азаматқа  Қазақстан  Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер тиісті кезектілік негізінде пайдалануға берілетіндігі туралы тұрғындарға түсіндірілді.

Тұрғын үйін жекешелендіріп беруді сұраған 5 азаматтың 3-уінің  мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлері жекешелендіріліп берілсе, 2 азаматтың тұрғын үйі аудандық тұрғын үй комиссиясында қаралатындығы жөнінде түсіндірілді.

Коммуналдық шаруашылық мәселелері / жарықтандыру, көше жөндеу, аяқ су, ауыз су т.б./ - 7. Оның ішінде кент тұрғыны Бакеева Ұлмекен тұрғын үйіне ауыз су кіргізіп беруді және Тереңөзек кенті, А.Оразбаева көшесі №1, №2,2 №2,3 үйдің тұрғындары А.Оразбаева көшесінің бас жағына асфальт төсеп беруді сұраған өтініштері қанағаттандырылды. Қалған өтініштер бақылауға алынды.

Мәдениет саласы мәселелері /ескерткіш тақта, көше атауын беру/ - 25 азаматтың көше есімдерін сұраған өтініштерінің 9-і қанағаттандырылып, 8 өтініш Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсынылды, қалған 8 өтінішке зерттелу жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпкерлік саласы бойынша түскен 2 өтініш иесіне кәсіптерін дамытуға байланысты арнайы бағдарламалар негізінде түсініктер берілді.

Ғимарат салуға рұқсат сұраған 2 азаматқа «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес рұқсат берілді.

Ауыл шаруашылығы мәселелері /субсидия алу, т.б./- 1, денсаулық – 1, білім саласы - 4, қызметтік тәртіп бойынша-5, басқа да мәселелер жөнінде –7 өтініш.

 Барлық келіп түскен өтініштер бақылауға алынып, заңмен көзделген мерзімінде жауаптары берілді.

Өтініштердің 57-і оң шешімін тапса, 78 өтінішке заңға сәйкес түсініктер берілді. 3 өтініш орындалу үстінде. 

 Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

2017 жылдың 9 айында заңды тұлғалардан барлығы 58 өтініш келіп түскен.

Түскен арыздың ауқымды бөлігі 47-і жер мәселесі болса, оның ішінде жер құқығын табыстауға келісім беруді сұраған 18 азаматтың, сонымен бірге, жер учаскелерін мемлекеттік меншігіне қайтарып алуды сұраған 19 азаматтың  өтініштері қанағаттандырылып, қалған 10 өтнішке түсінік берілді.

Ғимарат салуға рұқсат сұраған 1 азаматқа, мемлекеттік қызмет тәртібі бойынша 3 азаматқа, спорт саласы бойынша 1 - өтініш, білім саласы бойынша 1 азамат және басқа да мәселелер жөнінде – 5 азаматқа түсінік берілді.

Өтініштердің 39-і оң шешімін тапса, 19 өтінішке заңға сәйкес түсініктер берілді. 

 Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау туралы

Аудан басшылығының  азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындардың назарына жеткізу үшін аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жарияланып, аудан әкімінің ресми интернет-ресурсына орналастырылды.

2017 жылдың жылдың 9 айында барлығы 102 жеке және заңды  тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның 29-і аудан әкімінің қабылдауында, 73 адам міндеттер  бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының және аудан әкімінің аппарат басшысының қабылдауында болып, өтініштері қаралды.

Қабылдау кезінде негізінен азаматтар жұмысқа орналасу жөнінде, тұрғын үй бөлу жөнінде, әлеуметтік, жер бөлу, кәсіпкерлік, коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерген.

Қабылдау барысында 29 азаматтың өтініште көтерген мәселелері  оң  шешімін тапса, 73  азаматқа  заңға сәйкес түсініктеме  берілді. 

Барлық азаматтарға мерзімінде жауаптар берілді.

Категория: Келіп түскен өтініштер туралы мәлімет
Көргендер: 697

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты