2018 жылдың І тоқсанына

Жарияланды: 06 сәуір, 2018 10:56


2018 жылдың 3 айы бойынша аудан әкімі аппаратына барлығы 125 өтініш келіп түсті. 2017 жылы есепті кезеңде 139 өтініш түсіп,  өтініштер саны 14-ке,  яғни  10,1 %  азайған.  

        Аудан әкімі аппаратына 2018 жылдың 3 айында облыс әкімі аппараты мен жоғарғы органдар арқылы 5 өтініш келген.

        Оның ішінде, аудан тұрғындары Қазақстан Республикасы Премьер Минстрінің Кеңсесінен 1 өтініш, «НҰР ОТАН» Партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінен 1 өтініш, облыс әкімінің атына жазбаша 1 өтініш түсірсе, қалған 2 өтініш облыс әкімі аппаратына ауданнан тыс аймақтардан түскен.

 Сонымен қатар, аудан тұрғындары аудан әкімінің сайтына 2 өтініш, облыстық «Нұр Отан» партиясына 1 өтініш, аудандық прокуратураға 2 өтініш,   Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл ұлттық  бюросының Қызылорда  облысы  бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасына 1 өтініш түсірген. Жалпы түскен өтініштер санының  8,8% құрады.

2018 жылдың 3 айында жеке және заңды тұлғалардан түскен барлық 125 өтініштерді саралайтын болсақ. (Қайталанған 2 өтініш)

Жалпы алғанда, өтініштердің ауқымды бөлігі 37-і жер мәселесі болса, оның ішінде өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алынған жер учаскелерін ұзартуды және жерлеріне өзгеріс енгізуді сұраған 10 азаматтың, сонымен бірге, жер учаскелерін мемлекеттік меншігіне қайтарып алуды сұраған 4 азаматтың  өтініштері қанағаттандырылып, 23 өтінішке түсінік берілген.

22 азамат жұмысқа орналасуға көмек сұраған болса, оның ішінде Тереңөзек кентінің тұрғындары Кажденбекова Ақерке 2018 жылдың 01 ақпанынан бастап Божанова Гүлнұр үстіміздегі  жылдың  19 ақпанынан бастап, №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейге мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасты. Нұрсұлтанұлы Талғат үстіміздегі жылдың 22 қаңтарында аудан әкімі аппаратына әдіскер болып жұмысқа қабылданды.

А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Бекболатова Айнұр үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап №135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектепке, С.Сейфуллин ауылының тұрғыны Жаппасбаев Елдос 2018 жылдың наурыз айынан бастап С.Сейфуллин ауылдық клубына «жастар тәжірибесімен» мамандықтары бойынша жұмысқа қабылданған.  Тереңөзек кенті тұрғындары Асанова Гулвира  №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейге маусымдық жұмысқа тартылса, Оспанова Арна аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміе уақытша қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Қалған  азаматтарға жұмысқа орналасу бойынша жұмыссыз азаматтар үшін өткізілетін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне қатысуға мүмкіндігі бар екендігі және жәрмеңкенің өтетіні жайында алдын ала кент орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарға хабарландырулар берілетіні және жергілікті баспасөз бетіне жарияланатындығы туралы түсіндірмелер берілді. 

  Материалдық және қаржылай көмек сұрағандар /баласын емдетуге, тұрғын үйлерін жөндетуге, оқу ақыларын төлеуге, т.б./- 4. Тереңөзек кентінің тұрғыны Ермеков Шанбайды  «Әлеуметтік дүкенге» тіркеп, төмен отбасы ретінде ай сайын азық-түлікті 30 пайыздық жеңілдікпен қамтамасыз етілді және қыс маусымында аудандық кәсіпкерлер тарапынан демеушілік ретінде көмір берілді. Кент тұрғыны Асанова Гүлвираның өтініші бойынша қызы аудан орталығындағы жеке балабақшаға тегін қабылданды. Шаған ауылының тұрғыны Берхатова Гүлнұрдың баласына киім-кешек алып берілді.

Қалған өтініш иелерінің өтініштері бақылауға алынды.

 Тұрғын үй мәселесі бойынша өтініш білдірген 17 азаматқа  Қазақстан  Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер тиісті кезектілік негізінде пайдалануға берілетіндігі туралы тұрғындарға түсіндірілді. Оның ішінде тұрғын үй кезектілігінен шығару туралы 1 азаматтың өтініші қанағаттандырылды.

         Коммуналдық шаруашылық мәселелері / жарықтандыру, көше жөндеу, аяқ су, ауыз су т.б./ - 2. Оның ішінде Тереңөзек кенті, О.Мәлібаев елді мекеніндегі «Айтбай-арық» каналын тазарту жөніндегі өтініштеріне зерделеу жұмыстары жүргізіліп қазіргі таңда «Айтбай арық» каналын толығымен тазарту мақсатында, «Қызылдихан» шаруашылығы басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, аталған каналдың 3,1 шақырымын тазартуды демеушілік есебінен жүргізу, сонымен қатар алдағы уақытта насос орнату жұмыстары жоспарлануда. Қалған 1 өтініш Тереңөзек кенті, Д.Керейтбаев көшесінің тұрғындары  көшелеріне тратуар салып беруді сұраған өтініштері бақылауға алынды.

         Мәдениет саласы мәселелері /ескерткіш тақта, көше атауын беру/ - 10 азаматтың көше есімдерін сұраған 3  өтініштері Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсынылды және 3 өтініш бақылауға алынды қалған 4 өтінішке заңға сәйкес түсінік берілген.

Кәсіпкерлік саласы бойынша  15  азаматтың 7-інің «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грантқа қатысу үшін бизнес-жоспарлары дайындалуда. 3 азаматтың құжаттары толық дайындалып, несиені күтуде. Қалған 5 азаматтарға кәсібін дамытуға байланысты арнайы бағдарламалар негізінде түсініктер берілді.

         Ғимарат салуға рұқсат сұраған 2 азаматқа «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес рұқсат берілді.

Білім саласы бойынша түскен 1 өтінішке білім бөлімі тарапынан комиссия құрылып, жан-жақты зерттеліп, өтініш иесіне түсінік берілді.

Заңдылық және құқықтық тәртіпті сақтау бойынша – 1 өтінішке комиссия құрылып, тиісті жұмыстар атқарылды.

Ауыл шаруашылығы мәселелері /субсидия алу, т.б./- 2 өтінішке, денсаулық – 1 өтініш және басқа да мәселелер жөнінде –17 өтінішке тиісті жұмыстар жүргізілді.

Өтініштердің 41-і оң шешімін тапса, 98 өтінішке заңға сәйкес түсініктер берілді. 

 

Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау туралы

Аудан басшылығының  азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындардың назарына жеткізу үшін аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жарияланып, аудан әкімінің ресми интернет-ресурсына орналастырылды.

2018 жылдың 3 айында барлығы 50 жеке және заңды  тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның 28-і аудан әкімінің қабылдауында, 22 адам міндеттер  бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының және аудан әкімінің аппарат басшысының қабылдауында болып, өтініштері қаралды.

Қабылдау кезінде негізінен азаматтар жұмысқа орналасу жөнінде, тұрғын үй бөлу жөнінде, әлеуметтік, жер бөлу, кәсіпкерлік, коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерген.

Қабылдау барысында 13 азаматтың өтініште көтерген мәселелері  оң  шешімін тапса, 37  азаматқа  заңға сәйкес түсініктеме  берілді. 

Барлық азаматтарға мерзімінде жауаптар берілді.

 

Категория: Келіп түскен өтініштер туралы мәлімет
Көргендер: 441

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты