2018 жылдың IІI тоқсанына

Жарияланды: 09 қазан, 2018 10:09

2018 жылдың 9 айы бойынша аудан әкімі аппаратына барлығы 400 өтініш келіп түсті. 2017 жылы есепті кезеңде 299 өтініш түсіп,  өтініштер саны 101-ге көбейген,  яғни  133,8 % .  

        Аудан әкімі аппаратына 2018 жылдың 9 айында облыс әкімі аппараты мен жоғарғы органдар арқылы 18 өтініш келген.

        Оның ішінде, аудан тұрғындары Қазақстан Республикасының Президентіне 3 өтініш, Қазақстан Республикасы Премьер Минстрінің Кеңсесінен 2 өтініш, «НҰР ОТАН» Партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінен 2 өтініш, облыс әкімінің атына жазбаша 8 өтініш түсірсе, қалған 3 өтініш облыс әкімі аппаратына ауданнан тыс аймақтардан түскен.  

Сонымен қатар, аудан тұрғындары облыс әкімінің сайты арқылы 1 сауал, аудан әкімінің сайтына 5 өтініш, облыстық «Нұр Отан» партиясына 1 өтініш, облыстық прокурорына 1 өтініш, аудандық прокуратураға 7 өтініш,   Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл ұлттық  бюросының Қызылорда  облысы  бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасына 3 өтініш түсірген.  

2018 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан түскен барлық 400 өтініштерді саралайтын болсақ.

Жалпы алғанда, өтініштердің ауқымды бөлігі 122-і жер мәселесі болса, оның ішінде өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алынған жер учаскелерін ұзартуды және жерлеріне өзгеріс енгізуді сұраған 12 азаматтың, сонымен бірге, жер учаскелерін мемлекеттік меншігіне қайтарып алуды сұраған 70 азаматтың  өтініштері қанағаттандырылып, 40 өтінішке түсінік берілген.

67 азамат жұмысқа орналасуға көмек сұраған болса, оның ішінде Тереңөзек кентінің тұрғындары Кажденбекова Ақерке және Божанова Гүлнұр №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейге мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасты. Нұрсұлтанұлы Талғат үстіміздегі жылдың 22 қаңтарында аудан әкімі аппаратына әдіскер болып және С.Сейфуллин ауылының тұрғыны Жаппасбаев Елдос 2018 жылдың наурыз айынан бастап С.Сейфуллин ауылдық клубына жұмысқа қабылданды.

Ақжарма ауылының тұрғыны Төлеу Оразкүл жаңадан салынған спорт мектебіне жұмысшы болып, Тереңөзек кентінің тұрғындары Г.Сейдахметова №131 мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып және Ә.Көшербаева №35 мектепке ағылшын пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.

А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Бекболатова Айнұр үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап №135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектепке, «Жастар тәжірибесімен» мамандықтары бойынша және Бесарық ауылының тұрғыны Едренова Жайдары «Бөбек» балабақшасында «Жастар тәжірибесімен» жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, Тереңөзек кенті тұрғындары Асанова Гулвира  №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейге және кент тұрғыны Бақытжанова Динара Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасының мамандандырылған бөлімшесіне тұрақты жұмысқа қабылданған. Тереңөзек кенті, Ақтам көшесінің тұрғыны Дұрысбекова Жұлдызай «Әлтайыр-Бөбек» қоғамдық қорына тәрбиеші болып тұрақты жұмысқа орналасса, кент тұрғыны Сейлова Мереке Сырдария аудандық мәдениет үйі МКҚК-не тұрақты жұмысқа қабылданған.

 Сонымен қатар, С.Сейфуллин ауылының тұрғыны Ұзақбай Мұхит С.Сейфуллин ауылдық клубына маусымдық жұмысқа және кент тұрғындары Оспанова Арна мен Туманова Перизат уақытша қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Қалған  50 азаматқа жұмысқа орналасу бойынша жұмыссыз азаматтар үшін өткізілетін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне қатысуға мүмкіндігі бар екендігі және жәрмеңкенің өтетіні жайында алдын ала кент орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарға хабарландырулар берілетіні, жергілікті баспасөз бетіне жарияланатындығы туралы түсіндірмелер берілді. 

Материалдық және қаржылай көмек сұрағандар /баласын емдетуге, тұрғын үйлерін жөндетуге, оқу ақыларын төлеуге, т.б./- 24. Тереңөзек кентінің тұрғыны Ермеков Шанбайды  «Әлеуметтік дүкенге» тіркеп, төмен отбасы ретінде ай сайын азық-түлікті 30 пайыздық жеңілдікпен қамтамасыз етілді және қыс маусымында аудан кәсіпкерлері тарапынан демеушілік ретінде қысқы отын (көмір) берілді. Кент тұрғыны Асанова Гүлвираның өтініші бойынша қызы аудан орталығындағы жеке балабақшаға тегін қабылданса, кент тұрғыны Байтұрғанова Маржанның балалары Сырдария аудандық білім бөліміне қарасты «Жалын» тынығу лагерінің әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына арналған ауысымына қабылданып, демалысқа жіберілген. Шаған ауылының тұрғыны Берхатова Гүлнұрдың балаларына, Тереңөзек кентінің тұрғыны Сағындықова Гүлзаттың балаларына және Тереңөзек кентінің тұрғыны Қайырова Ақботаның немере баласына мектеп жасындағы балаласына киім-кешек алып берілген.

Сонымен қатар, Шіркейлі ауылының тұрғыны Әбетова Қаракөз,  Тереңөзек кентінің тұрғындары Жайсанбаев Бақыт,  Махамбетова Динара, Аяхметова Зауре балаларын емдетуге, Тереңөзек кентінің тұрғыны Г.Жұбанов әйелін Астана қаласына емдетуге және Тереңөзек кентінің тұрғыны Қызылбаев Нұртайға МРТ-ға басын, бүйрегін түсіруге қаржылай көмек сұраған өтініштеріне сәйкес аудандық «Сырдария - Нұрдария» қоғамдық қоры арқылы қаржылай көмек көрсетілді.

Қалған 12 өтініш иелерінің өтініштері бақылауға алынды.

Тұрғын үй мәселесі бойынша өтініш білдірген 52 азаматқа  Қазақстан  Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер тиісті кезектілік негізінде пайдалануға берілетіндігі туралы тұрғындарға түсіндірілді. Оның ішінде тұрғын үй кезектілігінен шығару және кезектілік тізімін ауыстыру туралы 2 азаматтың өтініші қанағаттандырылды. Қалған 33 өтініш иелеріне заңға сәкес түсініктер берілген.

Тұрғын үйін жекешелендіріп беруді сұраған 17 азаматтың өтініші аудандық тұрғын үй комиссиясында қаралып, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлері жекешелендіріліп берілді.

Коммуналдық шаруашылық мәселелері /жарықтандыру, көше жөндеу, аяқ су, ауыз су т.б./ - 13. Оның ішінде Тереңөзек кенті, О.Мәлібаев елді мекеніндегі «Айтбай-арық» каналын тазарту жөніндегі өтініштеріне зерделеу жұмыстары жүргізіліп қазіргі таңда «Айтбай арық» каналын толығымен тазарту мақсатында, «Қызылдихан» шаруашылығы басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, аталған каналдың 3,1 шақырымы тазартылған.

Сонымен қатар, «Сыр-Тұлпары» ЖШС-гі бойынша түскен өтінішке сәйкес аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен «Сыр-Тұлпары» ЖШС-гі арасында жолаушы тасымалын ұйымдастыру келісім - шарты жасалып, ауданішілік және кентішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.  Қалған 11 өтініштер бақылауға алынды.

         Мәдениет саласы мәселелері /ескерткіш тақта, көше атауын беру/ - 20 азаматтың көше есімдерін сұраған 10  өтініштері Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсынылды және 5 өтініш бақылауға алынды қалған 5 өтінішке заңға сәйкес түсінік берілген.

Кәсіпкерлік саласы бойынша  24  азаматтың 4-інің «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грантқа қатысу үшін бизнес-жоспарлары дайындалуда. 14 азаматтың құжаттары толық дайындалып, несиені күтуде. Қалған 6 азаматтарға кәсібін дамытуға байланысты арнайы бағдарламалар негізінде түсініктер берілді.

         Ғимарат салуға рұқсат сұраған 9 азаматқа «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес рұқсат берілді.

Білім саласы бойынша түскен 10 өтінішке білім бөлімі тарапынан комиссия құрылып, жан-жақты зерттеліп, өтініш иелеріне түсінік берілді.

Заңдылық және құқықтық тәртіпті сақтау бойынша – 1 өтінішке комиссия құрылып, тиісті жұмыстар атқарылды.

Ауыл шаруашылығы мәселелері /субсидия алу, т.б./-9 өтінішке, денсаулық – 7 өтініш және басқа да мәселелер жөнінде –28 өтінішке тиісті жұмыстар жүргізілді.

Өтініштердің 175-і оң шешімін тапса, 225 өтінішке заңға сәйкес түсініктер берілді.   

Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау туралы

Аудан басшылығының  азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындардың назарына жеткізу үшін аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жарияланып, аудан әкімінің ресми интернет-ресурсына орналастырылды.

2018 жылдың 9 айында барлығы 144 жеке және заңды  тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның 68-і аудан әкімінің қабылдауында, 76 адам міндеттер  бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының және аудан әкімінің аппарат басшысының қабылдауында болып, өтініштері қаралды.

Қабылдау кезінде негізінен азаматтар жұмысқа орналасу жөнінде, тұрғын үй бөлу жөнінде, әлеуметтік, жер бөлу, кәсіпкерлік, коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерген.

Қабылдау барысында 38 азаматтың өтініште көтерген мәселелері  оң  шешімін тапса, 106  азаматқа  заңға сәйкес түсініктеме  берілді. 

Барлық азаматтарға мерзімінде жауаптар берілді.

Категория: Келіп түскен өтініштер туралы мәлімет
Көргендер: 351

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты