2018 жылдың IV тоқсанына

Жарияланды: 09 қаңтар, 2019 17:44

 

2018 жылдың 12 айы бойынша аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер туралы


2018 жылдың 12 айы бойынша аудан әкімі аппаратына барлығы 500 өтініш келіп түсті. 2017 жылы есепті кезеңімен салыстырғанда  (415 өтініш) түсіп, өтініштер саны 85-ке көбейген,  яғни 120,5%.

Барлық жүгінудің 293-і өтініштер (266 - 2017 ж. 110,1%), 3-і иесі бүркемеленген ( 3 - 2017 ж. 100%), 7-і шағым (7 - 2017 ж. 100,0%), 190-ы ауызша (113 - 2017 ж.  168,1%)  түскен өтініш және 7-і сауал (12- 2017 ж. 58,3 %).

Аудан әкімі аппаратына 2018 жылдың 12 айында облыс әкімі аппараты мен жоғарғы органдардан барлығы 20 өтініш келген.

Оның ішінде: аудан тұрғындары Қазақстан Республикасының Президентіне 3 өтініш, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңсесіне 2 өтініш, «Нұр Отан» Партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2 өтініш, облыс әкімінің атына жазбаша 9 өтініш түсірсе, қалған 4 өтініш облыс әкімі аппаратына ауданнан тыс аймақтардан түскен (1-қосымша).

                 Сонымен қатар, аудан тұрғындары облыс әкімінің сайтына 1 сауал, аудан әкімінің сайтына 6 сауал, облыстық «Нұр Отан» партиясына 1 өтініш, облыстық прокурорына 1 өтініш,  аудандық прокуратураға 7 өтініш,   Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл ұлттық  бюросының Қызылорда  облысы  бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасына 3 өтініш түсірген. Жалпы түскен өтініштер санының  3,8% құрады.

 

Аудан әкімінің аппаратына келіп түскен өтініштердің

мәселелерге бөлінісі

 

Өтініштің атауы

2018  жыл

12 ай

2017  жыл

12 ай

Пайыздық көрсеткіш

Жер мәселесі

143

128

111,7

Жұмыспен қамту мәселесі

93

100

93,0

Тұрғын үй беру

76

50

152,0

Кәсіпкерлік мәселелері жөнінде

25

8

312,5

Басқа да мәселелер бойынша түскен өтініштер

46

17

270,6

Мәдениет саласы мәселелері

20

27

74,1

Әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі

27

37

72,9

Тұрғын үйлерін жекешелендіру

17

8

212,5

Коммуналдық шаруашылық мәселелері

15

11

136,3

Құрылыс мәселесі

10

5

200,0

Ауыл шаруашылығы мәселелері

9

5

180,0

Денсаулық сақтау мәселелері

8

2

400,0

Білім саласы  мәселелері

11

7

157,1

 Жеке және заңды тұлғалардан түскен 7 шағым (2017 ж.- 9, 77,8%).   

Оның ішінде: Білім саласы бойынша - 2 шағым, денсаулық саласы бойынша - 2 шағым, коммуналдық саласы бойынша - 1 шағым, кәсіпкерлік саласы бойынша - 2 шағым.

 2018 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғалардан түскен барлық 500 өтініштерді талдау бойынша

Жалпы алғанда, өтініштердің ауқымды бөлігі 143-і жер мәселесі болса, оның ішінде: өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алынған жер учаскелерін ұзартуды және жерлеріне өзгеріс енгізуді сұраған 20 азаматтың, сонымен бірге, жер учаскелерін мемлекеттік меншігіне қайтарып алуды сұраған 76 азаматтың  өтініштері қанағаттандырылып, 47 өтінішке заңдылықтарға сәйкес түсіндірме берілген.

93 азамат жұмысқа орналасуға көмек сұраған болса, оның ішінде:18 азамттың өтініші қанағаттандырылса, қалған  75 азаматқа жұмысқа орналасу бойынша жұмыссыз азаматтар үшін өткізілетін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне қатысуға мүмкіндігі бар екендігі және жәрмеңкенің өтетіні жайында алдын ала кент орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарға хабарландырулар берілетіні, жергілікті баспасөз бетіне жарияланатындығы туралы заңға сәйкес түсіндірмелер берілді. 

Материалдық және қаржылай көмек сұрағандар бойынша (баласын емдетуге, тұрғын үйлерін жөндетуге, оқу ақыларын төлеуге, т.б.) - 46. Оның ішінде: 14 азаматтың өтініші қанағаттандырылса, қалған 32 өтініш иелерінің өтініштері бақылауға алынды.

Тұрғын үй мәселесі бойынша өтініш білдірген 76 азамат бойынша.

Қазақстан  Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер тиісті кезектілік негізінде пайдалануға берілетіндігі туралы тұрғындарға түсіндірілді.

Оның ішінде: тұрғын үй кезектілігінен шығару және кезектілік тізімін ауыстыру туралы 4 азаматтың өтініші қанағаттандырылды. 10 азаматқа тұрғын үй пайдалануға беріліп қанағаттандырылды, қалған 62 өтініш иелеріне заңға сәйкес түсініктемелер берілді.

Тұрғын үйін жекешелендіріп беруді сұраған 17 азаматтың өтініші аудандық тұрғын үй комиссиясында қаралып, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлері жекешелендіріліп берілді.

Коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша (жарықтандыру, көше жөндеу, аяқ су, ауыз су т.б.) - 15. Оның ішінде: 2 азаматтың өтініші қанағаттандырылса, қалған 13 өтініштер бақылауға алынды.

Мәдениет саласы мәселелері бойынша (ескерткіш тақта, көше атауын беру) - 20 азаматтың көше есімдерін сұраған 10 өтініші Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсынылды және 5 өтініш бақылауға алынып, қалған 5 өтінішке заңға сәйкес түсініктеме берілді.

Кәсіпкерлік саласы бойынша  25  азаматтың 4-і «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грант арқылы қаржыландырылса, 15 азаматтың құжаттары толық дайындалып, несиелендірілді. Қалған 6 азаматқа кәсібін дамытуға байланысты арнайы бағдарламалар негізінде түсініктемелер берілді.

Ғимарат салуға рұқсат сұраған 10 азаматқа «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес рұқсат берілді.

Білім саласы бойынша түскен 11 өтінішке білім бөлімі тарапынан комиссия құрылып, жан-жақты зерттеліп, өтініш иелеріне заңнамаларға сәйкес түсініктемелер берілді.

Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша (субсидия алу, т.б.) - 9 өтінішке, денсаулық мәселесі бойынша – 8 өтініш және Әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша – 27 өтінішке байланысты заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді.

        Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау бойынша

Аудан басшылығының  азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындардың назарына жеткізу үшін аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жарияланып, аудан әкімінің ресми интернет-ресурсына орналастырылды.

2018 жылдың 12 айында барлығы 190 жеке және заңды  тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның 83-і аудан әкімінің қабылдауында, 107 адам міндеттер  бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының және аудан әкімінің аппарат басшысының қабылдауында болып, өтініштері заңға сәйкес қаралды.

Қабылдау кезінде негізінен азаматтар жұмысқа орналасу жөнінде, тұрғын үй бөлу жөнінде, әлеуметтік, жер бөлу, кәсіпкерлік, коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерген.

Қабылдау барысында 43 азаматтың өтініште көтерген мәселелері  оң  шешімін тапса, 147  азаматқа  заңға сәйкес түсіндірмелер берілді. 

Барлық азаматтарға белгіленген мерзімде жауаптар берілді.

     

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Келіп түскен өтініштер туралы мәлімет
Көргендер: 255

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты