2019 жылдың II тоқсанына

Жарияланды: 09 шілде, 2019 17:25

2019 жылдың 6 айы (қаңтар-маусым) бойынша аудан әкімі аппаратына

жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер туралы

 

2019 жылдың 6 айында аудан әкімі аппаратына барлығы 260 өтініш келіп түсті. 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда (308 өтініш) өтініштер саны 48-ге азайға, яғни 84,4%.

Барлық жүгінудің 213-і өтініштер (197 - 2018 ж. 108,1%), 107-і ауызша (101 - 2018 ж. 105,9%) түскен өтініш.

Есепті кезеңде аудан әкімдігіне облыс әкімі аппаратынан және басқа да жоғарғы тұрған органдардан барлығы 29  өтініш келіп түскен.

Оның ішінде: аудан тұрғындары Қазақстан Республикасының Президентіне 1 өтініш, «Нұр Отан» Партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне 1 өтініш, облыс әкімінің атына жазбаша 11 өтініш, аудандық «Нұр Отан» партиясына 1 өтініш, облыстық «Нұр Отан» партиясына 2 өтініш, облыстық прокуратураға 1 өтініш,  аудандық прокуратураға 2 өтініш,   Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл ұлттық  бюросының Қызылорда  облысы  бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасына 3 өтініш және басқа да жоғарыда тұрған органдардан 7 өтініш түскен.

          Сонымен қатар, облыс әкімі мен аудан әкімінің сайттарына 4 өтініш түскен.

 

2019 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардан түскен барлық өтініштерді талдау бойынша  

Жалпы алғанда, өтініштің 54-і жер мәселесі болса, оның ішінде: 36 азаматтың өтініштері қанағаттандырылып, қалған 18 өтінішке заңға сәйкес түсіндірмелер берілген.

Жұмыспен қамту мәселесіне байланысты 34 өтініш түскен. Оның ішінде: 33 азаматқа жұмысқа орналасу бағытында заңға сәйкес түсіндірмелер берілсе, 1 азаматтың өтініші қанағаттандырылды. 

Материалдық және қаржылай көмек сұраған 20 өтініш иесінің 16-на заңға сәйкес түсіндірмелер беріліп, өтініштері қосымша бақылауға алынды. Сондай-ақ, 1 азаматтың өтініші қанағаттандырылып, оған қаржылай көмек берілді.

Тұрғын үй мәселесі бойынша өтініш білдірген 51 азаматтың 48-не  ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер тиісті кезектілік негізінде пайдалануға берілетіндігі жөнінде түсіндірмелер берілді.

Бұл ретте, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты 1 өтініш қанағаттандырылса, тұрғын үй кезектілігінен шығару және кезектілік тізімін ауыстыру туралы 2 азаматтың өтініші қанағаттандырылды.

Коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша түскен 11 өтініштің 10-на заңға сәйкес жауап беріліп, өтініштері бақылауға алынса, 1 өтініш қанағаттандырылды.

Мәдениет саласына байланысты көше атауларын сұраған 6 азаматтың өтінішіне ономастикалық комиссиялардың жұмысы уақытша тоқтатылғандығы жөнінде заңға сәйкес түсіндірме берілді.

Кәсіпкерлік саласы бойынша  14 өтініш келіп түскен. Оның ішінде: 12 азаматқа кәсіпкерлік заңнамалары аясында түсіндірмелер берілсе, 2 азаматтың өтініші қанағаттандырылды.

Білім саласы бойынша түскен 4 өтінішке заңға сәйкес түсіндірмелер берілді.

Басқа да мәселелер бойынша түскен 66 өтінішке байланысты заңға сәйкес түсіндірмелер (оның ішінде 1 өтініш қанағаттандырылды) берілді.

        Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау бойынша 

Аудан әкімінің, орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының  азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындардың назарына жеткізу үшін аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне тоқсан сайын жарияланып, аудан әкімінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуда.

2019 жылдың 6 айында барлығы 107 жеке және заңды  тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның ішінде 47 тұрғын аудан әкімінің қабылдауында болса, 60 тұлға міндеттер  бөлінісіне сәйкес аудан әкімі орынбасарларының қабылдауында болып, өтініштері қаралды.

Қабылдау кезінде негізінен азаматтар жұмысқа орналасу және тұрғын үй мәселелерін көтерген.

Қабылдау барысында 7 азаматтың өтініште көтерген мәселелері оң  шешімін тапса, 100  азаматқа  заңға сәйкес түсіндірмелер берілді. 

Барлық азаматтарға мерзімінде жауаптар берілді.

Категория: Келіп түскен өтініштер туралы мәлімет
Көргендер: 83

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты