2017 жылдың II тоқсанына

Жарияланды: 09 тамыз, 2017 15:09

 Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету бойынша:

2017 жылдың 01 қаңтарына жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 72% құрап тұр. 2016 жылдың 01 қаңтарына бұл көрсеткіш 71 %  құрайтын. Яғни 1 %-ға жоғарылады.

    Жолаушыларды  тасымалдау  бойынша: Сырдария ауданы бойынша жолаушыларды тасымалдау жұмыстары «Сыр-тұлпары», «Қатынас» ЖШС-рі және ЖК-«Ахметов» мекемелері арқылы жүргізілуде, қазіргі танда аудан бойынша   38 жолаушылар автокөлігі тіркелген, оның ішінде кіші автобустар (Газель) саны-22,  автобустар саны-8, барлығының да техникалық жағдайы жақсы. Қызылорда бағытына 12 маршрут бойынша күніге 24 рейс, аудан орталығы мен елді  мекендер аралығында 8 маршрут бойынша 19 рейс жүргізілуде. «Сыр-Тұлпары» ЖШС-нің автокөліктерімен кентшілік І, ІІ, ІІІ маршруттар  бойынша жолаушыларды тасымалдауда

    Жол қауіпсіздігін  қамтамасыз ету бойынша: 2017 жылға ауданға қарасты елді мекендерінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында                    4,66 млн. теңге жергілікті бюджет есебінен бөлініп, мердігер мекеме «Бағдаршам-Сервис» ЖШС-гі арқылы  тиісті жұмыстар атқарылуда.

Газдандыру жұмыстары бойынша. Тереңөзек кентіне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысының жобасы әзірленіп, жоба бойынша  бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігіне 2018 жылға қаржыландырылуға  ұсынылды.

Категория: Көлік және Байланыс
Көргендер: 769

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты