2017 жылдың ІV тоқсанына

Жарияланды: 10 қаңтар, 2018 17:10

Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету бойынша:

2018 жылдың 01 қаңтарына жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 73% құрап тұр. 2017 жылдың 01 қаңтарына бұл көрсеткіш 72 %  құрайтын. Яғни 1 %-ға жоғарылады. 

Жолаушыларды  тасымалдау  бойынша: Сырдария ауданы бойынша жолаушыларды тасымалдау жұмыстары «Сыр-тұлпары», «Қатынас» ЖШС-рі және ЖК-«Ахметов» мекемелері арқылы жүргізілуде, қазіргі танда аудан бойынша   38 жолаушылар автокөлігі тіркелген, оның ішінде кіші автобустар (Газель) саны-22,  автобустар саны-8, барлығының да техникалық жағдайы жақсы. Қызылорда бағытына 12 маршрут бойынша күніге 24 рейс, аудан орталығы мен елді  мекендер аралығында 5 маршрут бойынша 11рейс жүргізілуде. «Сыр-Тұлпары» ЖШС-нің автокөліктерімен кентшілік І, ІІ, ІІІ маршруттар  бойынша жолаушыларды тасымалдауда. 

Жол қауіпсіздігін  қамтамасыз ету бойынша: 2018 жылға ауданға қарасты елді мекендерінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 4,4 млн. теңге жергілікті бюджет есебінен бөлініп, мердігер мекеме «Бағдаршам-Сервис» ЖШС-гі арқылы  тиісті жұмыстар атқарылды.

Категория: Көлік және Байланыс
Көргендер: 532

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты