2019 жылдың I тоқсанына

Жарияланды: 08 сәуір, 2019 11:18

 Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету бойынша:

2019 жылдың 01 қаңтарына жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 74% құрап тұр. 2018 жылдың 01 қаңтарына бұл көрсеткіш 73 %  құрайтын. Яғни 1 %-ға жоғарылады.

Жолаушыларды тасымалдау  бойынша: Сырдария ауданы бойынша жолаушыларды тасымалдау жұмыстарын ЖК «Арысбай» және ЖК-«Ахметов» мекемелері ұйымдастыруда. Аудан бойынша 40 жолаушылар автокөлігі тіркелген, оның ішінде кіші автобустар (Газель) саны-39, автобустар саны-1. Қызылорда бағытына 12 маршрут бойынша күніге 24 рейс, аудан орталығы мен елді мекендер аралығында 5 маршрут бойынша 19 рейс жүргізілуде.  2019  жылы аудандық бюджет есебінен 4,4 млн. теңге субсидия ретінде қаржы  қаралып, «Арысбай» ЖК-мен кентішілік І, ІІ және ІІІ маршруттар жүргізілуде.  Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша: 2019 жылға ауданға қарасты елді мекендерінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  4,66 млн. теңге жергілікті бюджет есебінен бөлініп, мердігерлермен тиісті жұмыстар атқарылуда.

Газдандыру жұмыстары бойынша: Жалпы құны 2,4 млрд.теңгені құрайтын Тереңөзек кентінің квартілішілік газ құбырлары желісінің құрылысы жобасы 2019-2020 жылдары іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыру үшін 2019 жылға республикалық бюджеттен 525,0 млн.теңге және облыстық бюджеттен 52,0 млн.теңге қаржы бөлінді.            

Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы сатып алу жұмыстары жүргізілуде.   Сонымен қатар, 2020 жылға 1,68 млрд.теңгені республикалық және               188,0 млн.теңгені  облыстық  бюджеттерден бөлу жоспарлануда.       

 

Категория: Көлік және Байланыс
Көргендер: 200

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты