2019 жылдың II тоқсанына

Жарияланды: 09 шілде, 2019 17:04

Автомобиль жолдары. Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 480 шақырымды  құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарына жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 74% құрап отыр.   

Ауданға қарасты елді-мекендердің ішкі жолдарының жалпы ұзындығы 208,4 шақырымды құрайды. Оның ішінде 148,76 шақырымы қара жабындымен жабдықталған.  Қазіргі таңда осы жолдардың 58 пайызы жақсы, 25 пайызы қанағаттанарлық, 17 пайызы қанағаттанарлықсыз.

2019 жылға республикалық бюджеттен Сырдария ауданындағы Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі жергілікті маңызы бар автомобиль жолының 6,0 шақырымын  және «Бесарық ауылына кіреберіс» автожолының 3 шақырымын күрделі жөндеуге барлығы 637 546,0 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде, «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» жергілікті маңызы бар автомобиль жолының 6,0 шақырымын жөндеуге 401 546,0 мың теңге, «Бесарық ауылына кіреберіс» автожолының 3 шақырымын күрделі жөндеуге 235 911,0 мың теңге. Екі жоба бойынша мердігер мекемелермен шарт жасалып, мердігерлер тарапынан дайындық жұмыстары жүргізілуде. Нысандар 2020 жылға өтпелі.     

Облыстық бюджеттен Тереңөзек кентіндегі Н.Ілиясов көшесінен Бөдеев көшесіне дейін жол құрылысы жобасы бойынша 72495,0 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда, мердігер мекеме «Қыран» ЖШС-мен келісім шарт жасалды, жұмыстар 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында атқарылатын болады.

 Аудандық бюджеттен А.Тоқмағанбетов елді мекеніндегі 3 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына 41747,0 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне сәйкес мердігер мекеме «Строй модуль-Астана» ЖШС-мен 37572,0 мың теңгеге келісім шарт жасалалып, қазіргі таңда жоспарға сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Сырдария аудандық маңыздағы автожолдарға ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға «Нұр-Бестстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 7,0 млн. теңгеге шарт жасалып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Категория: Көлік және Байланыс
Көргендер: 92

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты