«Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3 санаты)

Жарияланды: 11 қыркүйек, 2019 19:14

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін
барлық мемлекеттік органдардың  мемлекеттік қызметшілері арасындағы

ішкі конкурс 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: 

E-G-3 санаты үшін: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда)

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-G-3

90962

122463

 

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120600, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі  31 үй, анықтама үшін байланыс телефондары: 8(724)-36-22519, электронды пошта  syr_kadr@mail.ru  Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың  мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

 

«Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты, 1 бірлік, индекс №33-1-2):

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

1.Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және заңға тәуелді актілердің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық кесімдерінің іске асырылуын қамтамасыз етеді.

2.Үй шаруашылықтары есебін және шаруа қожалықтарының есебін  өзектендіру, электронды шаруашылық кітабының өзектендірілген мәліметін аудандық статистика басқармасына тапсыру.

3.Ауылдық округте өткізілетін халық жиындары мен үкіметтік емес ұйымдар жиналысытарының хаттамасын жүргізу, айтылға ұсыныс-пікірлердің орындалуына бақылау жасау.

4.Аудан әкімі аппаратына кадрлық мәселелер және марапаттаулар бойынша мәліметтер беру.

5.Ауыл әкімі жанынан құрылған еңбек өтілін анықтау, конкурстық, тәртіптік комиссиялардың және жәрдемақы тағайындау жөніндегі учаскелік комиссияның жұмыстарын жүргізу.

6.Іс номенклатурасымен бекітілген құжаттарды аудандық мұрағатқа өткізу.

7.Азаматтық хал актілері жазбаларына қатысты жұмыстарды ұйымдастыру.

8.Ауылдық округте атқарылған іс-шаралар туралы толымды ақпаратты аудан әкімдігінің веб-сайтына ұсыну.

 9.Аппарат қызметкерлерінің біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізу, функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс жоспарын дайындау.

10.Ауылдық округі әкімі аппаратының ішкі еңбек тәртібінің, қызметтік әдеп қағидаларының сақталуын бақылау, қызметкерлердің еңбекке қатысу табелін жүргізу.

11.Еңбек кітапшаларын сақтайды, еңбек кітапшаларға және басқа да құжаттарға жазбалар жүргізеді.

12.Қызметкерлерге кезекті еңбек демалысын беру кестесін құру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

13.Тұрғындарға түрлі анықтамалар беру.

14.Ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Білім немесе гуманитарлық  ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (мұнай газ ісі, құрылыс) немесе қызмет көрсету (туризм) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білім беру немесе құқық немесе қызмет көрсету, экономика және басқару (әлеуметтік жұмыс, туризм, экономика, қаржы, есеп және аудит) немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттар қабылдау мерзімі– 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде, Сырдария ауданы Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі, 31 үй мекен жайында орналасқан «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 қабатында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 .

Категория: Бос жұмыс орындары
Көргендер: 56

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты