ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды: 11 шілде, 2019 12:50

 Бүгін аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінде мәжіліс өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Мәжілісті ашып, жүргізген аудан басшысы ағымдағы жылы ұйымдастырылған саяси маңызды науқанда аудан абыройы үшін қажырлы еңбек еткен бірқатар сала мамандарына облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады.

– Бүгінгі мәжілісте сайлау жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуына айрықша үлес қосқан қызметкерлер марапатталатын болады. Бұл марапат Сіздердің еңбектеріңізге берілген баға деп санаймын. Алдағы уақытта да аудан абыройы үшін жемісті жұмыс жасайтындарыңызға сенім білдіремін,- деді аудан әкімі.

Айта кету керек, облыс әкімінің Алғыс хатымен аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Әбілдаев, аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары Г.Қонақбай, Н.Исаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мырзахметова, Қалжан ахун ауылдық округінің әкімі Н.Қарсақбаев, А.Тоқмағамбетов ауылдық округінің әкімі Ғ.Алданазаров марапатталды.

Мәжіліс соңында аудан әкімі жауапкершілік жүгі тәмендемейтінін айтып, сала мамандарына бірқатар тапсырмалар берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 384

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

06 желтоқсан 2019

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1 бірлік, №01-1-4)

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім...

04 желтоқсан 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!...

04 желтоқсан 2019

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

04 желтоқсан 2019

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ...

04 желтоқсан 2019

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты