Сырдария аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты)

Жарияланды: 11 қыркүйек, 2019 19:15

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120600, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі  31 үй, анықтама үшін байланыс телефон/факс: 8(724)-36-22519, электронды  пошта  syr_kadr@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Сырдария ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

 Сырдария аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1-бірлік, №20-1-1) Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 96907 теңгеден 129920 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

1. Бөлім басшысының тапсырмаларын заңдылыққа сәйкес орындайды.

2. Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға қатысты тауарлар, жұмыстар,  көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласындағы функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін қарап, жұмысын жүргізеді.

3. Мемлекеттік сатып алу шарттардың және өзге де мәмілелердің заңдылыққа сәйкестігін қарайды.

4. Бөлім арқылы жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың конкурстық немесе аукциондық комиссияларда мүшесі болып табылады.

5. Бөлімге қажетті аудан әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және аудан әкімдігінің қаулылары жобаларының заңдылығын, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес дұрыс рәсімделуін алдын ала зерттеп, қарайды.

6. Аудан әкімі аппаратының, құқық қорғау, сот және басқа да қадағалау органдарымен, кент, ауылдық округ әкімдерімен, аудандық бөлімдерімен және басқа да мекеме, кәсіпорын, ұйымдармен мемлекеттік сатып алуға байланысты құқықтық заң жұмысына қатысты мәселелерімен байланыс жасайды.

7. Қазақстан Республикасы Заңдарының және Президент Жарлықтарын, Үкімет қаулылары мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік сатып алу мәселесіне байланысты орындалуына бақылау жасайды.

8. Қарауына келіп түскен хаттарға және арыз-өтініштерге және шағымдарға мерзімінде жауап береді. 

9. Ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар бойынша және оларға қарасты меемелермен өткізілген мемлекеттік сатып алулардың заңнама талаптарына сай өткізілуіне тәлімгерлікті жүзеге асырады.

10. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүргізеді.     

11. Бөлім басшысы болмаған кезінде бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы болады.


    ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

         Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік жергілікті басқару, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРДЫҢ БІРІНЕ СӘЙКЕС БОЛУЫ ТИІС:       

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

       3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

       4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

                                 Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

     1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

               Құжаттар қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

           Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

     Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі №31 үй, ғимараттың 1 қабатында өтеді.

      Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты
45 минуттан аспау керек.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

      Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

        Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

 «Сырдария ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

конкурстық комиссиясы

Категория: Бос жұмыс орындары
Көргендер: 104

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты