Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы (Е-3 санаты, 1 бірлік, №04-1-3).

Жарияланды: 24 қаңтар, 2020 12:22

 

 

 

Сырдария ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

 жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)      мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2)      осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3)      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
   5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

- "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда)

 

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-3

112 708

152 036

 

      «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120600, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі  31 үй, анықтама үшін байланыс телефон/факс: 8(724)-36-22519, электронды  пошта  syr_kadr@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Сырдария ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

 

     Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы (Е-3 санаты, 1 бірлік, №04-1-3).

       Негізгі функционалдық міндеттері:

1.Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және заңға тәуелді актілердің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық кесімдердің іске асырылуын қамтамасыз етеді.

2.Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтары мен Өкімдерінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларының, облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің орындалуын ұйымдастырады.

3.Ішкі  еңбек тәртібі мен әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз етеді.

4.Ішкі саясат және тілдер жөніндегі, ұлт аралық келісім; әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту; мәдениет және ғылым; әлеуметтік шиеліністің  орын алуын және діни экстремизімнің,  терроризімнің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрес құқық бұзушылықтың алдын алу,  нашақорлық пен зорлық зомбылыққа және маскүнемдік пен алкоголизмге  қарсы күрес; аудандағы мектепке дейінге, жалпы орта және қосымша білім беру денсаулық сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау; құрметті  атақтарға ұсыну; әскерге міндеттілік пен әскери қызмет; дене шынықтыру және спорт; ономастика және әкімшілік- аумақтық құрылысы; жастар ісі және балаларды қорғау, отбасы және гендерлік саясат жөніндегі мәселелер бойынша қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдастыру - құқықтық қамтамасыз етеді.

5.Аудан бойынша сайлаушылар тізімін нақтылап, мерзімінде түзетулер мен толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

6.Аудан әкімінің орынбасары жетекшілік жасайтын мәселелер бойынша тиісті комиссиялардың, жұмысшы топтардың қызметін үйлестіреді және әртүрлі іс - шаралардын әзірленуі мен өткізілуін ұйымдастырады.

7.Аудан әкімі орынбасарымен азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады.

8.Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де жеке, заңды тұлғалармен өзара іс - қимыл жасайды. 

9.Салалық орынбасардың жұмысын және әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын атқаруды үйлестіреді.

     10.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарап, олар бойынша қажетті іс - қимылдар жасайды.

     11.Сайлау науқанына әзірлену және өткізу, сайлаушылардың тізімін әзірлеу, аудандағы учаскелік,  округтік, аумақтық сайлау комиссияларын қалыптастыру шараларына қатысады.

     12.Аудан әкімі аппаратының интернет - ресурсына тиісті мәліметтердің уақытылы әрі сапалы енгізілуіне қатысады.

     13.Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, журналистика) немесе білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

           Құжаттар қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

           Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар)2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі   31 үй, 1 қабатта өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

-   Нысан

-   ___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________________________________

 

__________                                             ____________________________________
(қолы)                                                                   (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

 «____»_______________ 20__ ж.

 

 

___ 20__ ж.

Категория: Бос жұмыс орындары
Көргендер: 110

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты