СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Жарияланды: 27 маусым, 2019 12:13

 Ауданға жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аллеяның ашылу салтанатына қатысып, Жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді.

Аудан орталығы Тереңөзек кентінде демеушілік қаражатына салынған Мемлекеттік рәміздер аллеясының ашылу салтанаты өтті.

"Жаңадан ашылған Мемлекеттік рәміздер аллеясы мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің анты, әскерге шығарып салу және т. б. салтанатты патриоттық іс-шараларды өткізу орнына айналсын. Бұл жер түлектер мен жас отбасылардың жиналатын мекеніне айналады деп ойлаймын!»-деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аллеяның ашылу салтанатында.

Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер аллеясы Арал, Қазалы, Шиелі аудандарында және облыс орталығында салынған. Алдағы уақытта осындай аллеялар облыстың басқа аудандарында да ашылатын болады.

Сондай-ақ, Руслан Рүстемов жақында салынған Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимаратымен танысты. Орталықта кеңесшілер кабинеттері, конференц-залдары бар, жастарға жұмыс істеуге қолайлы болу үшін интернетпен қамтамасыз етілген.

Облыс әкімінің орынбасары аудан жастарымен кездесті. Кездесу барысында бизнес-жобаларды қорғаған 6 жас кәсіпкер "Тереңөзек жастары" қорының қолдауымен өз ісін ашуға несие беру үшін 10% мөлшерінде бастапқы жарна төлеуге сертификат алды. Бұған дейін қор 16 жас кәсіпкерге осындай сертификаттар берген болатын.
Жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысында жастар саясатын жүзеге асыру және өскелең ұрпақтың бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары атап өткендей, жуырда Қызылорда қаласында ашылған Жастар орталығын материалдық-техникалық базамен қамтылуы бойынша республикадағы ең үздік орталық деп атауға болады.
"Бір ай ішінде жастар орталығының қызметін 8 мыңға жуық сырбойылық жас пайдаланды. Қазір орталық тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді және жастардың бос уақытын тиімді пайдалануда жұмысты оңтайлы ұйымдастыра білу өте маңызды", - деп атап өтті Р. Рүстемов.

Жергілікті атқарушы органдардың, жастар ұйымдарының басшылары мен аудан әкімдері жастарды қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сондай-ақ, кеңес отырысында "Орион" ЖШС басшысы Шалқара Жаңабергеновтің тәжірибесі жоқ 10 жас маманды жұмысқа қабылдағаны ерекше атап өтілді. Ш.Жаңабергеновке аймақ басшысының Алғыс хаты табысталды.

Отырысты қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары жастарды жұмысқа орналастыру мен олардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтіп, аудан әкімдері мен мемлекеттік орган басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
#Сырелі
#ҚызылордаОблысы
#СырдарияАуданы
#ЖастарКеңесі

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 454

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

06 желтоқсан 2019

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1 бірлік, №01-1-4)

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім...

04 желтоқсан 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!...

04 желтоқсан 2019

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

04 желтоқсан 2019

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ...

04 желтоқсан 2019

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты