«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты, 1 бірлік, индекс №20-1-3).

Жарияланды: 16 тамыз, 2019 11:58

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін
Сырдария ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-G-3 санаты үшін:Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда)

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-G-3

90962

132463

 

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120600, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі  31 үй ғимараты, электронды  пошта  syr_kadr@mail.ru,«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Сырдария ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

                                                                                                               

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы
(«Е-G-3» санаты, 1 бірлік, индекс №20-1-3).

НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкімет Қаулыларының, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету.

 2. Кент аумағында құрылысы салынып жатқан және салынатын (қайта жаңғыртылатын, күрделі және ағымдағы жөндеуден өтетін) нысандар мен кешендердің мониторингін жүргізу.

3. Кент аумағында құрылыс нысандарында құрылыстың жүруіне жалпы бақылау орнату.    

4. Құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдау туралы жұмыстарды ұйымдастыру және қатысу.

5. Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.

6. Кент аумағында санитарлық тазалық, абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына бақылау жасау, сенбіліктер ұйымдастыру.

7. Түнгі жарықтандыру жұмыстарын бақылау.

8. Кенттегі әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығын және өту барысын бақылау, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігі шараларын ұйымдастыру.

9. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы коммуналдықжәне қызметтік тұрғын үйлерге байланысты тиісті шараларды жүргізеді (келісім-шарт, төлемақы және т.б.).

10. Аудан, кент әкімі арқылы орындауға берілген жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді заңдылықтарға сәйкес дер кезінде қарап, тиісті жауаптарды мерзімінде жолдау, кент әкімінің күнделікті жедел тапсырмаларын орындау.

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

Ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызмет көрсету (бағалау, логистика (сала бойынша), инженерлік мамандықтар (құрылыс, электр энергетикасы, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (еңбекті ұйымдастыру және нормалау, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс) мамандықтары бойынш жоғары білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттар қабылдау мерзімі– 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде, «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120600, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі  31 үй ғимараттың 1 қабатында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысан

Сырдария ауданыәкімінің аппараты
      (мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны ________________________________________________________________

 

__________                                             ____________________________________
(қолы)                                                                                        (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

 

«____»_______________ 20__ ж.

Категория: Бос жұмыс орындары
Көргендер: 141

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты