Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары (Е-G-1 санаты, 1-бірлік, №20-1-1)

Жарияланды: 13 тамыз, 2019 11:25

 

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120600, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі  31 үй, анықтама үшін байланыс телефон/факс: 8(724)-36-22519, электронды  пошта  syr_kadr@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Сырдария ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

 

      Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары (Е-G-1 санаты, 1-бірлік,  №20-1-1) Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 132 461 теңгеден 182 366 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкімет Қаулыларының, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету.

2. Кент әкімі аппараты қызметінің ағымдағы және болашақ мәселелеріне, атқарылатын жұмыстардың жоспар, болжамдарын әзірлеуге басшылық етеді, ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізеді.

3. Ішкі еңбек тәртібі мен қызметтік этика ережелерінің сақталуын қадағалайды.

4. Кент әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі аппарат жұмысын ұйымдастырады, басшылық жасайды, кент әкімінің қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етеді.

5. Кент әкімінің халыққа есеп беру кездесулерін өткізуді ұйымдастыру.

6.  Жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті қоғамдастық, қоғамдық кеңес саласындағы жұмыстарды ұйымдастырады, бақылау жасайды.

7. Кент көлемінде қоғамдық тәртіпті нығайтумен байланысты жұмыстарды ұйымдастырады, құқық қорғау органдары, жергілікті полициямен байланысын үйлестіреді.

8. Кент әкімі тағайындайтын немесе онымен келісілетін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерттейді және енгізеді, кент әкімі аппаратының қызметкерлері мен жұмысшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар дайындайды.

9. Кент әкімі бекітетін бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеуге қатысады.

10. Кент әкіміне қатысты мәселелер бойынша хаттарды, арыз-шағымдарды қарайды, заңдылықтар негізінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді, заңдарда белгіленген өзге де өкілеттіліктерді, міндеттерді жүзеге асырады.

 

    ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

   Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (еңбекті ұйымдастыру және нормалау, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің  қауіпсіздігі, стандарттау, сертификаттау және метрология, құрылыс) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) мамандықтары бойынша жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

     ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ КЕЛЕСІ  ТАЛАПТАРДЫҢ  БІРІНЕ СӘЙКЕС БОЛУЫ ТИІС:       

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда А- 5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

     1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік
30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

       Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

        Құжаттар қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

      Құжаттар «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120600, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі  31 үй ғимараттың 1 қабатында, электронды  пошта  syr_kadr@mail.ru, мекен-жайы бойынша қабылданады.

      Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі №31 үй, ғимараттың 1 қабатында өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

      Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

        Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

 «Сырдария ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

конкурстық комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

          __________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

 

    Өтініш

      Мені______________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

       «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

       Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны

__________________________________________________________________

 

________                                                       ____________________________________

(қолы)                                                                                       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Категория: Бос жұмыс орындары
Көргендер: 126

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты