Жақұттай жарқыраған жауһар жырлар

Жарияланды: 24 маусым, 2019 12:36

Жуырда баспадан сырбойылық жас ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Ақтөре Ибрагимұлының "Жүректегі жазулар" атты жыр жинағы жарыққа шықты.

Кітапта шығармашылық иесінің соңғы жылдары жазылған нәзік сезімдер мен ішкі бұлқыныстарға толы өлеңдері көрініс тапқан. Одан бөлек, атамекенге деген сүйіспеншілік, елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген, үлгі тұтар ағаларына арналған өлеңдері топтастырылған.

- Өлеңдерінен туған жерге махаббат, құрмет және жастық сезіліп тұрады. Тілге де жеңіл, ойға батыратын өзіне тән тереңдігі де бар. Оның өлеңдері бұған дейін әдеби ортадағы аға-әпкелерінің оң бағасын алып үлгерді, – дейді ақын, "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" Мұхтар Сақтапов.

Иірімі терең жырлар жинағының авторы 1993 жылы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Алғашқы кітабы "Жүректен жүрекке..." деген атаумен жарыққа шыққан. Облыстық мүшәйралардың бас жүлдегері. Облыс әкімінің жастарға арналған "Сыр үміті" сыйлығының иегері. Ақтөре бұған дейін Сырдария аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде еңбек етсе, қазіргі күні аудан әкімінің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметінде.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 184

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

16 тамыз 2019

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты, 1 бірлік, индекс №20-1-3).

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты,...

16 тамыз 2019

«Сырдария аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, индекс №20-1-1-6).

«Сырдария аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-R-4 санаты,...

15 тамыз 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДАҒЫ АҚЖАРМА АУЫЛЫНАН ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДАҒЫ АҚЖАРМА АУЫЛЫНАН ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ...

13 тамыз 2019

Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары (Е-G-1 санаты, 1-бірлік, №20-1-1)

Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары (Е-G-1 санаты, 1-бірлік, №20-1-1) ...

13 тамыз 2019

АТА-КӘСІППЕН БАУ-БАҚША ІСІН ҚАТАР ДАМЫТУДА

АТА-КӘСІППЕН БАУ-БАҚША ІСІН ҚАТАР ДАМЫТУДА...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты